Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Мәди Катешов Бүкіләлемдік жағажай ойындарына жолдама алды

2019 жылдың 28 маусым 2019 23:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығы Бүкіләлемдік жағажай ойындарына жолдама алған қазақстандық каратешінің есімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, 2019 жылдың қазан айында Катарда өтетін ANOC World Beach Games ойындарында Қазақстанның намысын Мәди Катешов қорғамақ.

«Мәди Катешов - каратеден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Токио-2020 рейтингінде 16-шы орында тұр. Мәди былтыр Мадридте өткен әлем чемпионатында жағажай ойындарына қажетті ұпайды жинап үлгерген. Ол әлемдік сында ширек финалға дейін жетіп, венесуэлалық спортшыға есе жіберген болатын», - деп жазды ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты.

Айта кетейік, ANOC World Beach Games додасында 16 спорт түрінен жүлде таратылады. Олардың қатарында күрес, карате, жағажай волейболы, жағажай гандболы, жағадай теннисі, ашық суда жүзу және тағы басқа спорт түрлері бар.

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай