Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Мәдениет және спорт министрлігі Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрмақ

2019 жылдың 25 маусым 2019 17:28 607

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Арыс қаласына көмек көрсететін штаб құрмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған, орай Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік Сапиев қала тұрғындарын аталған қайырымдылық шарасынан қалыс қалмауға шақырып отыр.

«Мен қоғамды бірігіп, зардап шеккендерді алғашқы көмек керек-жарақтарымен, материалдық көмек, тіпті жылы сөзбен қолдауға шақырамын. Қазір Түркістан облысы қиын кездерді басынан өткеруде. Біз республика болып қала тұрғындарына көмек көрсетуіміз керек. Мен Арыс қаласына барып, тұрғындарға қолдау білдіремін деп шештім», - деді Серік Сапиев. 

Аталған штаб 26 маусым мен 6 шілде аралығында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы (Достық к, 11) жанынан құрылады. Штабқа комитеттің барлық ведомстволық мекемелері жұмылдырылған. Сонымен қатар, комитет төрағасы Серік Сапиев жуық арада Арыс қаласына барып, зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдіруді жоспарлап отыр.  

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері бір күндік жалақыларын Арыс қаласының тұрғындарына көмек қорына аударамыз деп шешкен болатын.

Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясы мен оған қарасты федерациялардың қызметкерлері әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында орын алған жарылыстардың салдарынан зардап шеккен тұрғындарға бір күндік жалақыларын аударатын болды.

 

 

Жоғары қарай