Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

LRT құрылысына қатысты жағдайды жіті зерттеу қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев

2019 жылдың 18 маусым 2019 14:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың жуырда ғана тағайындалған жаңа әкімі Алтай Көлгіновке осындай тапсырма берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке астананың әлеуметтік-экономикалық жайластыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. LRT құрылысындағы жағдайды жіті зерттеу қажет»,-деп жазды Қазақстан Президенті.

Осыған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалғанын жаздық.

Жоғары қарай