Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Лос-Анджелесте ұшақтың аспандағы өртенген сәтінің видеосы жарияланды

2019 жылдың 22 қараша 2019 16:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Philippine Airlines әуе компаниясының Boeing 777 ұшағының қозғалтқышы өртке оранғаннан кейін Лос-Анджелес әуежайына оралуға мәжбүр болған, деп хабарлайды CBSLA.

113 рейсі Манилаға бағыт алған, оның бортында 347 жолаушы болған. Ұшақ Лос-Анджелес халықаралық әуежайынан 21 қараша күні жергілікті уақытпен 11:00-де көтерілген.

Жолаушылардың бірінің айтуынша, лайнер әуеге көтерілгеннен кейін салоннан төрт рет қатты соққының дыбысы естіліп, оң жақ қозғалтқышы жана бастаған.

Оқиғаны жердегі Лос-Анджелес тұрғындары видеоға түсіріп алған. Видеодан ұшып бара жатқан ұшақ қозғалтқышында өрт шыққанын көруге болады.

Авиалайнер ұшқаннан кейін бір сағат өткен соң әуежайға қайта қонды. Әуе кемесі өкілінің айтуынша, қозғалтқыштағы өрт механикалық ақаулар салдарынан тұтанған.

Рейс жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Олар басқа ұшаққа отырғызылды.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай