Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Лоренцо Симонелли: Ең тиімді инвестиция - адамға салынған инвестиция

2019 жылдың 4 шілде 2019 16:44 936

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Baker Hughes, a GE company президенті Лоренцо Симонелли қазақстандық мұнай мамандарын оқытуды ұсынды. Мұнай-газ саласы бойынша әлемдегі үшінші ірі компания саналатын Baker Hughes президенті өндіріске қазақстандық жастарды тартуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы ондаған жылда астаналарыңыз өсіп, әлемдік деңгейде инвесторлар үшін тартымды елге айналды. Біздің компания үшін адам - басты актив. Индустриялық дамуда бұл өте маңызды. Жұмысшыларды дамытуға көп көңіл бөлуіміз керек. Келешекте барлық жұмысшылар кәсіби біліктіліктен бөлек, технологиялық базаны толық меңгеруі керек», - дейді компания президенті.

Ол сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында мұнай-газ мамандарын оқытатын орталық ашуға дайын екенін айтты.

«2005 жылы біздің компания тұңғыш корпоративтік университет ашты. Барлық салада цифрландыру жүріп жатыр. Сондықтан жұмысшылардың соған сай болуы маңызды. Біз қазір ғылым, технология, инжиниринг және математика салаларына басымдық беріп отырмыз. Осы уақытта біз 140 компанияда 35 ұлттың өкілін, яғни 1100 адамды білікті маман етіп дайындадық. Қазақстан бойынша мұнай-газ саласының мамандарын дайындау жобасын дайындап жатырмыз. Батыс Қазақстанда оқыту орталығын ашамыз. Ол жерде мұнай-газ саласының студенттері практикадан өтіп, қауіпсіздік ережелерін меңгеретін болады», - деді Лоренце Симонелли.

Форум алдында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Лоренцо Симонелли Қазақстанды екінші үйіне теңеген болатын.

 

 

 

Жоғары қарай