Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Ливандағы қазақстандық бітімгерлер инспекциядан сәтті өтті

2019 жылдың 29 қазан 2019 19:33

БЕЙРУТ. ҚазАқпарат - «Сіздің тамаша қызметіңіз үшін рахмет!». Осындай сөздермен БҰҰ-ның инспекциялық тобы қазақстандық жиынтық бітімгершілік ротасының бітімгершілік базасын тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ливандағы қазақстандықтардың бітімгершілік базасына «БҰҰ бөлімшелері дайындығын жалпы тексеру» инспекциялық тобы барды. Инспекцияның басты мақсаты қару-жарақ пен әскери техниканы, байланыс құралдарын, оптикалық көздегішті, ротаның барлық мүліктерінің дұрыстығын тексеру, сонымен қатар санитариялық-гигиеналық норманы сақтау болып табылады.




Тексерістің нәтижесі бойынша барлық үнділік батальонның ішінен екінші жиынтық бітімгершілік ротасын жақсы жағынан атап өтті.

Екінші қазақстандық бітімгершілік ротасы «Үнді батальонының құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентін өрістету тәртібі туралы» Қазақстан мен Үндістан Үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы келісімге сәйкес «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» миссиясына қатысады. Миссияда болған кезеңде «кәсіби бітімгершілік» мәртебесін өзіне бекітті.




«Қазақстандық әскери қызметшілер өте ержүрек. Мен бұл миссияда жүрегніме бір жыл болды. Бірінші және екінші бітімгершілік ротасымен танысып, бірге қызмет еткеніме қуаныштымын. Олардың көздерінде қорқыныштың жоқ екенін мені таң қалдырады. Бірінші ротация миссияны орындауға келгенде не екенін білмесе де барлық міндеттерге бірден кірісті. Жазғы кезеңде қандай жағдай болатынын білмесе де, оларды екінші рота алмастырды. Екінші ротаның қызметі кезінде Израиль әскері Ливанның аумағына зымыран соққысын келтіргені және Ливанның барлық аумағын басып алған демонстранттардың жаппай наразылық актілері жайлы жағдай болғаны бәріне белгілі», – деп атап өтті Индонезия өкілі.




«Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» әскерлер штабынан инспекциялық топты жеке алып жүрген, БҰҰ Индонезиялық әскери полициясы контингентінің командирі полковник Сони қазақстандық бітімгерлер қызмет етіп жүрген базаның деңгейін атап өтті.

«Мұндай қауіпті сәттерде БҰҰ барлық қозғалысты шектейді, барлық патрульдер тоқтатылады. Тіпті бітімгершілік базалары да сумен де, тамақпен де, басқа да қажеттіліктермен жабдықталмайды. Мұндай жағдайда қазақстандықтар инспекциялық топты жоғары деңгейде қарсы алды. Мұндай кезде бәрі де осылай өткере алмайтындығын ескеру керек!», – деп атап өтті ол.

Жоғары қарай