Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Литваның үш қаласында қазақстандық фильмдер көрсетіле бастады

2019 жылдың 6 сәуір 2019 15:26

ВИЛЬНЮС. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмінің көрсетілімімен «Литвадағы Қазақстандық көктем» фестивалінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Литвадағы «Қазақстандық кино күндері» шеңберінде қойылған фильмді ресми тұлғалар, Парламент депутаттары, іскерлік және академиялық топтар өкілдері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Литвада тіркелген дипломатиялық корпус басшылары тамашалады.

Фестивальдің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Литвадағы Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев нәтижелі іске асудағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының арқасында елдің мәдени-тарихи әлеуеті дамуының динамизмін атап өтті. Бұдан басқа, қазақстандық дипломат Қазақстан мен Литва, әсіресе жаңа буын өкілдерінің арасындағы мәдени диалогты тереңдетудің қажеттілігін алға тартты.

Қазақстан халқының тарихтың қиын кезеңдеріндегі табандылығы мен биік рухын көрсететін «Анаға апарар жол» картинасы литвалық көрермендерді таңқалдырды.



null

«Қазақстандық кино күндері» аясында Литваның ең үлкен үш қаласында (Вильнюс, Каунас, Клайпеда) бәрімізге сүйікті болған және әлем сахналарын мойындатқан, сондай-ақ қазақстандық киноматографияның жаңа туындылары «Анаға апарар жол», «Шал», «Талан», «Алмас қылыш», «Жаужүрек мың бала», «Күлтегін» анимациялық фильмі және тағы басқа кинолар көрсетіледі.

«Литвадағы Қазақстандық көктемнің» шаралары арасында қазақстандық-канадалық «Equus: жылқы тарихы» деректі фильмінің көрсетілімін, Вильнюс университетіндегі «Арқайым» нео-этно-фолк тобының концертін, Литваның үш қаласында және Латвия астанасында өтетін қазақстандық суретші Рауза Ералиеваның көрмесін, сонымен қатар қазақ ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан Вильнюсте болатын жарысты атап өткен жөн.




null

Жоғары қарай