Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 333.53
EUR 392.10
RUB 5.82
CNY 50.40

Латын әліпбиін қазақ тілінің әуезіне қарай таңбалауымыз қажет - Ғарифолла Есім

2017 жылдың 12 қазан 2017 18:45 426

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғам қайраткері, академик Ғарифолла Есімнің айтуынша, латын әліпбиін енгізгенде қазақ тілінің әуезділігіне баса назар аудару қажет. Себебі фонетика арқылы таңбалар жатталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәл қазір біз латын әліпбиінің артықшылығын сезбей отырған шығармыз. Алайда оны қабылдағаннан кейін басқаша ойлай бастаймыз, дүниені басқаша қабылдаймыз, өзге халықтармен арадағы байланысымыз жаңа деңгейге көтеріледі. Негізі, қазіргі кезде бәріміз де латын әріптерін жақсы білеміз. Ағылшынша оқыдық, немісше оқыдық, французша оқыдық, бәрі - латын. Ендігі мәселе, латын әліпбиін қазақ тілінің фонетикасына, әуезіне қарай таңбалауымыз қажет. Сонда біз өз тіліміздің әуезділігін жоғалтпаймыз», - деді Есім бүгін «Келешектің кілті - латын әліпбиі» атты «дөңгелек үстелдің» отырысында.

Ғалымның айтуынша, латын әліпбиін қабылдағаннан кейін кәсіби мамандар әрбір әріпті халықтың санасына құя білуі керек. Сонда оны тездетіп енгізуге болады. «Қазір Елбасыдан бастап елде отырған ағайынға дейін әрекет жасауымыз қажет. Себебі латын әліпбиі - ол мәдени қозғалыс, рухани қозғалыс. Себебі ертең сонымен сөйлейміз, сонымен жазамыз, сонымен жүреміз», - деп атап көрсетті Ғарифолла Есім.

Айта кетейік, бүгінгі жиынға профессор Әділ Ахметов те қатысты. Ғалымдар мектеп оқушыларына латын әліпбиінің тиімділігін жан-жақты түсіндіріп берді.

Пікір қалдыру

Жоғары қарай