Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 385.01
EUR 425.78
RUB 6.05
CNY 54.68

Ла-Маншты жүзіп өткен қазақстандық әйелге қос бірдей марапат табыс етілді

2019 жылдың 8 қараша 2019 22:09

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ла-Маншты жүзіп өткен қазақстандық Әнел Сытдықоваға қос бірдей марапат табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Англияның Дувр қаласында Channel Swimming Association президенті Майкл Рид жүзу маусымының қорытындысына сәйкес кешкі ас кезінде ең үздік суда жүзушілерді марапаттады.




CSA (Channel Swimming Association) – Ла-Манш бұғазын жүзіп өткендердің нәтижелерін тіркейтін және сертификат беретін қауымдастық.

Әнел Сытдықоваға Mercedes Gleitze Trophy және The Montserrat Tresserras Trophy кубоктары берілді.

Mercedes Gleitze Trophy – британдық әйелдер арасында алғаш рет 1927 жылы Ла-Маншты жүзіп өткен Мерседес Глейтценің құрметіне аталған марапат. Ол бұғазды әр елден тұңғыш рет жүзіп өткен әйелге тапсырылады. Ал The Montserrat Tresserras Trophy кубогын Әнел Қазақстаннан Ла-Маншты жүзіп өткен алғашқы адам ретінде алды.

«Ассоциация президенті Майкл Ридтің қолынан осындай қос марапатты алуым – мен үшін үлкен құрмет. Енді бұл наградалар Дуврдағы музейде қалады. Онда Қазақстан атауы ойылып жазылған. Бұл – менің өз еліміздің әлемге танылуына қосқан кішкентай болса да үлесім», деді ҚазАқпарат тілшісіне Әнел Сытдықова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақ Жайықтан түлеп ұшқан, қазір отбасымен Англияда тұратын Әнел Сытдықованың АҚШ-та тағы осындай екі ұзақ қашықтықты жүзіп өткісі келетінін жазған болатынбыз.




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай