Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қызылорданың құрылысшылары Арыстағы жұмысты толығымен аяқтады

2019 жылдың 19 тамыз 2019 18:26

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордалық құрылысшылар Түркістан облысы Арыс қаласындағы өздеріне бекітілген жұмыстар барысын толығымен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысына Арыс қаласында №6 аумақ бекітілген. Онда 268 тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 кәсіпкерлік нысан бар. Онда қалпына келтіруге жатпайтын үйлердің бірі бұзылып, орнына жаңа үй сатып алынды. Оған қоса көп қабатты үйдің бірінде пәтері жарамсыз күйге түскен 93 жастағы кейуана, 60 жастағы мүгедек және 19 жастағы жас азамат тұратын отбасыға да осындай жәрдем көрсетілді. Мұндай қамқорлық бір аулада орналасқан тұруға жарамсыз болып қалған екі үй тұрғындары үшін де жасалды.

Қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған болатын. Сырбойылық құрылысшылар Арыс қаласында өздеріне бөлінген жұмыстарын толығымен аяқтады.

Қызылорда жұртшылығы Арыс қаласына тұрғындарына қол ұшын созып келеді. Төтенше оқиға орын алған тұста Сыр өңірінен Арысқа гуманитарлық көмек жіберілді.

Сондай-ақ, Арыс балалары демалу үшін Қызылорда облысына келді.











Жоғары қарай