Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Қызылордалық пойыз астына түсіп мерт болды

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 00:08

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жолаушылар пойызы басып кеткен 26 жастағы тұрғын оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміржолды кесіп өтпек болған тұрғынды «Қызылорда-Петропавл» жолаушылар пойызы басып кетті. Аталмыш оқиға 23 қаңтарда болған. Ол қаланың КБИ шағын ауданы тұрғыны екені белгілі болды.

«Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға теміржолдың белгіленген аймағынан өту жөнінде құлағдар етіп келеді. Дегенмен оқыс оқиға тіркелді. Жолаушылар пойызы қаққан азамат оқиға орнында көз жұмды. Қала тұрғындарынан теміржолдан тек белгіленген жерлерден өтуін сұраймыз», - дейді Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ербол Әбдіраманов.

Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Оқиға, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай