Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қызылордалық дәрігерлер Жапонияда білімін жетілдіреді

2019 жылдың 11 сәуір 2019 22:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдан бастап қызылордалық кадрлар үшін Жапонияда біліктілігін арттыруға бағытталған гранттар бөлінеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жыл сайын жас дәрігерлер үшін резидентурада оқуға облыс әкімінің гранты бөлінуде, қазіргі таңда 47 резидент даярлануда. Ағымдағы жылы 30 жалпы тәжірибелік дәрігерді оқытуға облыс әкімінің арнайы гранты бөлінді.

Соңғы 3 жыл көлемінде 2018 жылы 399 жас маман денсаулық сақтау саласына тартылып, оның 49% (194) бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарына жіберілді. Осылайша қазіргі таңда бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95% және дәрігерлердің орта медициналық қызметкерлермен арақатынасы 1:3 дейін жеткізілді.

Мамандарды тұрақтандыру мақсатында дәрігерлердің орташа жалақысы 2017 жылмен салыстырғанда 18 пайызға көтерілді (2017ж - 139,7мың теңге, жалпы тәжірибедегі дәрігер - 124,4 мың теңге; 2018ж -164,7 мың теңге, жалпы тәжірибедегі дәрігер -127,2 мың теңге).

Әлеуметтік қолдау ретінде 2018 жылы елдімекендерге жолданған 129 маманға (68 дәрігер, 61 мейірбике) 454,8 млн. теңгеге тұрғын үй несиесі берілген.

Тағы бір айта кетерлігі, дәрігерлер шет елде, соның ішінде Корея мемлекетімен тығыз ынтымақтастықта тәжірибе алмасуда. Әсіресе, неонатология, балалар және ересектер хирургиясы, онкологиялық көмек көрсетуде жаңашыл әдістер енгізілуде.

Биылғы жылы мамандарды көтермелеу - ынталандыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, шет елдерде, соның ішінде Жапония мемлекетінде білімдерін жетілдіруге арнайы грант бөлінеді.

Басты сөздер: Медицина, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай