Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қызылордадан Алматыға сексеуілді заңсыз тасығандар ұсталды

2019 жылдың 22 қазан 2019 13:51

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада облыстық табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері Алматыға 22 тонна сексеуілді заңсыз тасыған жүк көлігін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық табиғат қорғау прокуратурасының мамандары «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» тас жолы бойында «DAF» маркалы жүк көлігін тоқтатты. Тіркемені қарау барысында кесу және тасымалдау рұқсатынсыз салмағы 22 тоннаны құрайтын сексеуіл ағашы тиелгені анықталған. Оны жасыру үшін тіркемінің ауызғы бөлігіне қораптарды жинап тастаған.

«Жүргізушінің берген мәліметі бойынша, сексеуіл ағашын бұған дейін де Қызылорда қаласынан Алматы қаласына тасымалдаған. Сексеуілді рұқсатсыз кесуден мемлекетке елеулі шығын келді. Аталған дерек Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының Ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Тергеу реттілігі бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жолданды. Қазіргі таңда полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысының табиғатты қорғау прокуратурасынан.

Жоғары қарай