Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
CNY 54.64

Қызылордада жылыжай өндірісі дамып келеді

2019 жылдың 18 қаңтар 2019 21:23 661

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жылыжай өндірісі дамып келеді. Сыр өңіріндегі жылыжайға қарасты 7 гектардан астам алқаптан былтыр 385 тоннадан астам өнім жиналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың басым бөлігі Қызылорда қаласы аумағында орын тепкен. Облыс орталығында барлығы 122 жылыжай бар. Қазіргі таңда олардың 52-і жұмыс жүргізіп келеді. Солардың қатарында саналатын «Натишаева» және «Орда» шаруа қожалығы былтыр 100 тоннадан астам өнім алған.

Сондай-ақ, бұл бағытта Шиелі ауданында да оңды істер атқарылып отыр. Ауданда 20-ға жуық кәсіпкер бірігуінің нәтижесінде көкөніс өсіретін жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Оның аумағы 2 гектарды құрайды. Аталмыш жылыжай кешенінде жылына 60 тонна өнім жинау жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын Қызылорда облысында испаниялық технологиямен қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылатынын хабарлаған едік.

 

 

Жоғары қарай