Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қызылордада жылқы ұрлаған адамдар қолға түсті

2019 жылдың 13 қараша 2019 11:46

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында жылқы ұрлаған екі тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында полицейлер «Мал ұрысы» іс-шарасын өткізіп жатыр. Аталмыш шара барысында полицейлер Қазалы ауданында УАЗ автокөлігін тоқтатып тексеру жүргізген болатын.

«Нәтижесінде онда ұрланған жылқы малы бар болып шықты. Автокөлікте 36 жастағы Қазалы ауданында тұратын жүргізуші және осы ауданның екі тұрғыны болған. Олар ұсталды, бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - дәп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжатсыз жануарларды тасымалдау деректері, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін нарықта рейдтік іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Облыс көлемінде орналасқан сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал сою бекеттері тексерілуде.

«Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастамасымен барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөліміне тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады», - деп хабарланды ведомстовадан.

Жоғары қарай