Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен бір адам көз жұмды

2020 жылдың 23 ақпан 2020 22:31

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада тұрғын үйден шыққан өрттен бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шілдебаев көшесі бойында тұрғын үйден 18.48 шамасында өрт шыққан. Жергілікті 112 құтқару қызметіне түскен қоңыраудан кейін өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы дереу іске кірісті. Оқиға орнында барлау жұмыстарын жүргізді. Өрт тұрғын үйдің ас бөлмесінен шыққаны анықталды. Өртті оқшаулау барысында газ түтінінен үй ішінде ес-түссіз жатқан 1983 жылғы азаматтың бар екені белгілі болды.




«Құтқарушылар көмегімен бірінші топ мүгедегі қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл азамат жедел жәрдем мамандары қарауынан кейін көз жұмды. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 6 техника, 25 қызметкер жұмылдырылды. Өрт салдарынан тұрғын үйдің асхана бөлмесіндегі тұрмыстық заттары мен төбе жабыны толық жанған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.

Бұдан бұрын Қызылордада көп қабатты үйдегі өрттен 47 адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай