Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Қызылордада тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы өтеді

2020 жылдың 27 ақпан 2020 10:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2-6 наурыз аралығында Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, дүбірлі бәсекеде Ауғанстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Моңғолия, Босния және Герцеговина мен Қазақстанның әр өңірінен келген тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады.

Жарыс классика бойынша 9 турда, 17 жасқа дейінгі жастар және одан жоғары жастағы ерлер мен əйелдер арасында 4 топта өткізіледі.

Айта кетейік, ашық Азия кубогы Қазақстанда жəне Қызылорда облысында алғаш рет ұйымдастырылуда. Айтулы жарыс бұған дейін облыстық, республикалық жəне халықаралық деңгейде өткізілген.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімі 6 наурыз күні белгілі болады.


Жоғары қарай