Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Қызылордада Сыр өңірі тарихына арналған кітаптар жарыққа шықты

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 22:56

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қасиетті Қазақстан», «Сыр бойының саральды ескерткіштері: мифтер, аңыздар, хикаяттар» және «Алаштың асыл мұрасы» кітаптарының тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш кітаптар елімізде жүзеге асып жатқан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жүзеге асты. «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының екінші томына Сыр өңіріндегі сақ, оғыз, қаңлы тайпалары және қыпшақ мемлекетінің стратегиялық маңызды қалалары мен сәулет өнерінің ескерткіштері, әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын киелі нысандар мен кешендер енгізілген. Олардың 12-і жалпыұлттық, 72-і өңірлік қасиетті нысандар.

Ал «Сыр бойының сакральды ескерткіштері: мифтер, аңыздар, хикаяттар» кітабында да өңірдегі тарихи деректер қамтылған. Бұл игі бастама еліміз бойынша тұңғыш рет Қызылорда облысында қолға алынып отыр. Оны жергілікті ғалымдар жинақтаған. Онда Сыр бойының киелі жер-су атаулары, көне қалалар және тарихи орындар жайлы құнды мәліметтер бар.

Тарихи танымдағы тағы бір дүние - «Қасиетті Қазақстан» кітабында Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ел арасынан жинақталған әдебиет үлгілері, көне араб әліпбиінде хатқа түсірген шығармалары, алаш қаламгерлерінің ХХ ғасыр басында Ташкентте жарық көрген рухани бағалы қазынасы саналған шығармалары топтастырылған. Сондай-ақ, антологиялық жинаққа Махамбет Өтемісұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы және өзге де алаш қаламгерлерінің мұралары енгізілген. Оны жинақтауға филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы ғалым Серікбай Қосан үлкен еңбек сіңірді.

«Бұл дүниелер Сыр өңірі әдебиеті мен мәдениеті, руханиятына үлес қосатын айрықша дүниелер деп санаймыз. Осылайша өскелең ұрпаққа туған жердің тарихын тануға жола ашылады», - деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.


Жоғары қарай