Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қызылордада серозды менингит тіркелді

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 22:59

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қыркүйек айының басынан бері серозды менингит жұқтырудың 8 жағдай тіркелді. Олардың 7-уі мектеп оқушылары арасында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Қызылорда қаласында серозды менингиттің алғашқы диагнозымен 17 жағдай тіркелген.

Бұл дерек бойынша 8 жағдайда диагноз аурудың клиникалық белгілері негізінде нақтыланды. Науқастардың 92,8 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар.

«Эпидемиолгиялық маусым саналатын жаз мезгілінде аталмыш дертпен байланысты 1 оқиға орын алған болса, қыркүйек айының басынан бері соған байланысты 8 жағдай кездесті. Олардың 7-уі балалар. Атап айтқанда, бұл жағдайлар Қызылорда қаласындағы №271, 10, 217, 144, 215, 261 және Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылындағы №33 мектепте орын алды. Бұл жағдайды бағамдай отырып олардың топтасқан түрде тіркелмегенін аңғаруға болады. Ол жалпы сипатты түрде қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан оған абыржуға ешбір негіз жоқ», - деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаентінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Мамандардың айтуынша, жалпы серозды менингит қоздырғышы 80 пайызы қоршаған ортада жиі кездесетін вурустар болып табылады. Ол энтеровирус, тұмау вирусы, цитомегаловирус, аденовирус, парамиксовирус, сирек жағдайда кездесетін полиомиелит вирусы және қызылша вирусы да болуы мүмкін. Серозды менингит ауруы дер кезінде дәрігерге көрініп, тиісті емдік шараларын жүргізген науқас асқынусыз сауығып кетеді.

Жоғары қарай