Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қызылордада полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

2019 жылдың 6 сәуір 2019 13:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Г. Төлебаев пен ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Б. Асқаровтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар жеке кәсіпкерді қорқытып, букмекерлік клуб тексерісін тоқтатқаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған. 2019 жылғы 5 сәуірде ҚР ІІМ Жеке қауіпсіздік департаментімен бірлесе жүргізілген іс-шаралар барысында Г. Төлебаев 300 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталды. Сонымен бір мезгілде Қарағанды қаласында Б. Асқаров қолға түсті.



null


null

Г. Төлебаев Қызылорда қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жоғары қарай