Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қызылордада парадзюдодан халықаралық турнир аяқталды

2019 жылдың 5 сәуір 2019 21:39 990

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында парадзюдодан халықаралық турнир аяқталды. Оған Грузия, Румыния, Ресей, БАƏ, АҚШ-тан спортшылар келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа қатысушылар 8 салмақта жүлдені сарапқа салды. Аталмыш бәсекеде еліміздің парадзюдо спорты тарихында алғаш әлем чемпионы атанған Олжас Оразалыұлы, қола жүлдегер Әнуар Сариев, Азия чемпионатының қола жүлдегері Теміржан Дəулет қарсыластарымен шеберлік байқасты. Сондай-ақ, әлем жəне Паралимпиада ойындарының чемпионы болған грузин Звиат Гогочури, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлер і - румын Александру Болога мен грузин Гиорги Гамджашвили татами төрінде тайталасқа түсті.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орын алды. Біздің елімізден Ерғали Шәмей (73 келі), Теміржан Дәулет (81 келі), Ғалымжан Смағұл (90 келі) және Зарина Байбатина (78 келі) чемпион атанды. Ал Гиорги Гамджашвили (66 келі), Звиат Гогочури (100 келі) және Реваз Чикоидзе (100 келіден жоғары) сынды балуандары алтын алған Грузия құрамасы екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті түйіндеген Румыния сапынан Александру Болога (60 келі) жеңімпаз тұғырынан көрінді.

Бұдан бұрын Қызылордада парадзюдодан ересектер арасында халықаралық турнир өткізілетінін хабарлаған едік.  

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай