Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қызылордада парадзюдодан ересектер арасында халықаралық турнир өткізіледі

2019 жылдың 2 сәуір 2019 22:52

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада парадзюдодан ересектер арасында халықаралық турнир өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир «Мұз айдыны» спорт кешенінде болады. Мұндай шара Сыр өңірінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шара 5 сәуір күні жалауын көтереді. Оған АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі, Грузия, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Оңтүстік Корея және Қазақстан елдерінің парадзюдошылары қатысады деп күтілуде.

Халықаралық турнир ерлер және қыздар арасында өтеді. Жігіттер 60 , 66, 73, 81, 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта өткізілсе, қыздар 57 және 70 келіде шеберлік байқасады. Аталмыш шараны Қызылорда облысының әкімдігі мен еліміздің Парадзюдо федерациясы ұйымдастырып отыр.

Парадзюдо жігіттер арасында 1988 жылдан бері Жазғы Паралимпиада ойындарына қосылса, қыздар арасында аталмыш дүбірлі додада 2004 жылдан бері жүлделер үлестіріліп келеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда парадзюдо кеңінен қанат жайды. Былтыр қызылордалық Олжас Оразалыұлы парадзюдодан Лиссабонда өтіп жатқан Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.
Иллюстрациялық сурет

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Спорт,
Жоғары қарай