Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Қызылордада мас күйінде көлік айдаған 57 жастағы азамат полициядан қашып кетпек болды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 22:42

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 57 жастағы тұрғын мас күйінде көлік тізгініне отырып, полицейден қашып кетуге әрекет жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері «Lada» маркалы автокөлігі жол ережесін бұзып келе жатқанын байқайды. Нәтижесінде ол автокөлік ағыны қозғалысына кедергі келтірген. Полиция оны тәртіпке шақырмақ болады. Сол сәтте ол көлігімен қашып кетуге әрекет жасайды. Көлік жүргізушісі көпке ұзай алған жоқ. Орталық көшелердің бірінде қолға түсті.

«Жүргізуші облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция қызметкерлері алкогольді анықтау үшін куәландыруды жүргізу мақсатында наркологиялық орталыққа жеткізді. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша азамат жеңіл дәрежеде мас болған. Тексеру барысында аталған азамат соттың шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды. Соған қарамастан автокөлікті алкогольдік масаң күйде қайта басқарған.

«Қазіргі уақытта тәртіп бұзушы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы жағдайы тіркелген. Кінәліге жүргізушіге қатысты автокөлік жүргізу құқығынан өмір бойы айырыла отырып, 5000 АЕК-ге дейін айыппұл (13. 255 000 теңге дейін) салуға немесе 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қызылордада қарақшылық шабуыл үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды.


Жоғары қарай