Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Қызылордада коронавирус диагнозы қойылған 4 адам Шиелі және Жаңақорғанда тұрады

2020 жылдың 10 сәуір 2020 14:39

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 10 сәуірде таңғы сағат 09:00-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған төрт науқастың оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төрт науқастың үшеуі Шиелі ауданының Бала би, Қодаманов ауылдарынан тіркелді. Ал біреуі Жаңақорған ауданында тұрады. Ауру жұқтырғандардың екеуі 1989, 2010 жылы дүниеге келген ер, екеуі 1967, 1996 жылғы әйел адамдар. Барлығы осы инфекциямен ауырған адамдармен байланыста болып жұқтырған. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өткізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Облыстық денсаулық басқармасының хабарлауынша, өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 104-ке жетті.

10 сәуірде сағат 9-дағы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелгендер саны 104 адамға жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 12 науқас тіркелсе, аудандар бойынша Жаңақорғанда - 17, Аралда - 2, Сырдарияда - 14, Қармақшыда - 4, Шиеліде - 55 жағдай кездесті.


Жоғары қарай