Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қызылордада көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

2019 жылдың 12 маусым 2019 13:52

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолында «Toyota Camry» маркалы автокөлік жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш оқиға 10 маусым күні орын алған. Нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталмыш оқиға сағат 22.30 шамасында орын алған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеудің басқа деректері жария етілмейтінін жеткізді.

Бұдан бұрын Қызылордада көлік оқиғасынан екі адам қаза болғанын хабарлаған едік.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы, Оқиға,
Жоғары қарай