Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.26
EUR 425.63
RUB 5.68
CNY 55.61

Қызылордада кәсіпкер ауылына спорт кешенін салып берді

2018 жылдың 16 желтоқсан 2018 08:36 791

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Бестам ауылдық округінде жергілікті кәсіпкер спорт кешенін салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оны «Қозыбаев» шаруа қожалығының төрағасы Баймұханбет Қозыбаев өз қаржысына салып берді. Бұл мақсатта кәсіпкер 66 млн теңге шамасында қаржы жұмсаған. Спорт кешені мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылды.

Шиелі ауданында заманауи спорт алаңдары, дене шынықтыру жəне сауықтыру алаңдары көптеп салынуда.

Былтыр ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақмая ауылынан жобалық құны 70 млн. теңгені құрайтын спорт кешені ел игілігіне айналды. Сондай-ақ, биыл 42 млн. теңгенің спорт кешені Алғабас ауылында халық игілігіне табысталды. Сондай-ақ, Еңбекші, Жөлек ауылдарынан да дәл осындай кең спорт кешендері іске қосылды. Ендігі кезекте Керделі ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Бұдан бұрын Шиелі ауданы Төңкеріс ауылында жергілікті кәсіпкер спорт кешенін салып бергенін хабарлаған едік.


Сондай-ақ, қызылордалық кәсіпкер мұқтаж отбасыларға пәтер сыйлады.

Ал ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Қызылордада қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың облыстық форумы өтті.

 

 

Жоғары қарай