Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Қызылордада дүниеге келген азамат Таллин мэрі болды

2019 жылдың 12 сәуір 2019 19:18 1055

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Эстония астанасы - Таллинде 11 сәуірде қала мэріне сайлау өтті. Онда Қазақстанда дүниеге келген Михаил Кылварт жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол қала басшысы қызметіне сайлауға түскен жалғыз үміткер болған еді. Оның кандидатурасын Таллин қаласындағы Центрист партиясы ұсынған. Қала мэрін сайлауға байланысты Таллин қалалық жиналысының кезектен тыс сессиясы өткізілді. Оған қатысқан депутаттардың басым бөлігі Қызылорда қаласында дүниеге келген Михаил Кылвартке сенім білдірді. Оған халық қалаулылары қатарынан 45 депутат үміт артты. Сайлаудың негізгі талабы бойынша мэр атағын алу үшін кем дегенде 40 дауыс жинаса жеткілікті болатын.  

Михаил Кылварт 1977 жылдың 24 қарашасында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Өмірбаян деректеріне сүйенсек, ол үш жасынан бастап Таллинн қаласында өмір сүріп келеді. Ол 1996 жылдан бастап Эстония таэквондо одағын құрды. Ұзақ жылдар бойы бапкерлікпен айналысты.

Михаил Кылварт  таэквондо, кикбоксинг және бокс бойынша бірқатар жарыстарға қатысып, жүлделі орыннан көрінді. 1999 жылдан бастап саяси салада түрлі қызмет атқарып келеді.  2016 жылдан бері Таллин қаласының спорт, мәдениет, интеграция және білім жөніндегі вице-мэрі қызметін атқарған.

 

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Әлем, Қызылорда облысы,
Жоғары қарай