Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 02:57

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға биылғы жылдың шілде айында Қызылорда қаласына қарасты Досан ауылында болған. Кешкілік ВMW-520 маркалы автокөлігінің иесі жолды кесіп өтпек болған бүлдіршінді қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесінде есін жимаған күйі қайтыс болған.

«Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілген, іс сотқа жолданған. Онда абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекетті жасау жағдайы көрсетілген. Қылмыстық құқықбұзушылығы толығымен дәлелденді. Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ол 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Қуаныш Назар.

Жоғары қарай