Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қызылордада алкоголь өнімін заңсыз сақтаған кәсіпкер жазаға тартылды

2019 жылдың 25 тамыз 2019 04:41

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тиісті құжатсыз сыра өнімдерін сақтаған кәсіпкер жазаға тартылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары Жаңақо р ған кентінде алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізді. Нәтижесінде оның жұмысын ан бірқатар кемшіліктер анықталды.

«Тексеру барысында кәсіпкердің құны 3 млн теңгеге жуық сыра өнімдерін жүк құжатынсыз сат қаны және сақтағаны белгілі болды. Сыра өнімдерінің жалпы саны - 15980 дана. Осыған орай ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс ін ің 82-бабына сəйкес құжат жиналды. Құжаттар шешім қабылдау үшін Жа ң ақорған аудандық сотына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.


Жоғары қарай