Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қызылордада адам өлтірген деструктивті діни ағым ұстанушысы сотталды

2019 жылдың 7 тамыз 2019 23:38

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада зорлық-зомбылық жасау арқылы адам өліміне себепкер болған азамат бас бостандығынан айырылды. Ол деструктивті діни ағым ұстанушысы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр облыс орталығындағы Қыдыров көшесінде орналасқан үйдің бірінен бір азаматтың мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалған болатын.

Қызылорда облыстық полиция департаменті кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде бұл қылмыс бойынша күдікті ретінде облыс орталығында тұратын 37 жастағы азамат қамауға алынды. Аталған азаматтың жеке басын анықтау барысында оның деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігі анықталды.

«Адам өлтіру дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде айыпталушы азаматтың аталған қылмысқа тікелей қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстық іс-әрекеті толық әшкерленді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызылорда қалалық № 2 сотының аталмыш қылмысқа қатысты үкім қабылдады. Оған 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, үкім күшіне енді.

Бұдан бұрын Қызылордада полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған 4 жігіт қолға түскенін хабарлаған едік.

Жоғары қарай