Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Қызылордада 81 жастағы кейуана құтқарылды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 22:52

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада жедел құтқару жасағының қызметкерлері 81 жастағы қарияны аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік көмек көрсету орталығының қызметкері «112» нөміріне хабарласып, 81 жастағы қарияның есігін ашпай жатқанын айтқан.

«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар есікті сыртынан бұзып кіріп, әжейдің үй ішінде абайсызда құлап қалғанын анықтады. Кейуана өз бетінше тұра алмаған. Құтқарушылар науқасқа алғашқы көмек көрсетті. Қазіргі таңда дәрігерлердің анықтауымен қарияның жамбас сүйегі сынғаны белгілі болды» делінген хабарламада.

81 жастағы қартты құтқару үшін жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 мейірбике және бір техника жұмылдырылған.


Жоғары қарай