Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қызылордада 500 кг есірткі тәркіленді

2019 жылдың 16 тамыз 2019 04:36

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат –Қызылорда облысының полиция қызметкерлері биылғы жылдың маусым-шілде айларында заңсыз айналымнан 500 келі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қылмыстық істер облыс көлемінде жүргізілген «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында белгілі болды. Жергілікті сақшылар 1 маусымнан бастап бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарды. Алғашқы екі айдын қорытындысы бойынша 200-ден астам есірткіге қатысты құқық бұзушылығы анықталды. Олардың қатарында 16-ы есірткі затын сату, 10-ы есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, 42-сі есірткіні заңсыз егу болып табылады.

«Бұл бағытта ішкі істер органдары мен облыстың мүдделі қызметтері, басқада құқық қоргау органдары және арнайы органдарымен бірлесіп қажетті жұмыстарды атқарып келеді. Есірткінің заңсыз алқаптарын анықтау және жою бағытында профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Бұл мақсатта облыс аумағында ғарыштан спектрлік бақылау мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар, тікұшақ және ұшқышсыз басқарылатын әуе техникалары қолданылуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Бұдан бұрын Аралда сора егілген алқап табылғанын хабарлаған едік https://www.inform.kz/kz/aralda-sora-egilgen-alkap-tabyldy_a3554681.

Сондай-ақ, Жалағаш ауданында да есірткі алқабы анықталды https://www.inform.kz/kz/sora-osirip-sorlady_a3555485.

Жоғары қарай