Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді

2019 жылдың 22 сәуір 2019 20:50

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл - биыл өмірге келген алғашқы үшем. Үш қыздың анасы Жаңақорған ауданында тұратын Кәмила Шайжанова. Ол 1993 жылы дүниеге келген. Жолдасы - Өмірбек Үсенов екеуі бұдан бұрын дүниеге келген 3-5 жастағы екі қызды тәрбиелеп отыр.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаеваның айтуынша, былтыр Сыр өңірінде 3 үшем, 132 егіз туған. Ал биыл жылдың басынан бері 28 егіз талай отбасының қуанышына айналды.

Жоғары қарай