Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Қызылорда облысында өлім-жітім 5,8% төмендеді

2019 жылдың 15 маусым 2019 03:23 998

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында үздік дәрігерлерге баспана сертификаттары табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатыны атап көрсетілген.

Қызылорда қаласында өткен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында аймақтың осы саладағы жоғары табыстары таразыланды. 

«Денсаулық сақтау саласының қаржысы бір жылдың өзінде облыс әкімінің қолдауымен 7,2%, соның ішінде материалдық-техникалық базасын арттыруға бөлінген қаржы 20,2% өсті.  Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық техникамен жабдықтау 2018-2019 жылдардың өзінде 34,9% артып, қамту 79,26% құрады», - деп атап өтті Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов.

Айта кетейік, соңғы екі жылда 25 медициналық нысан пайдалануға берілді, 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Мәселен, Арал, Қазалы аудандық ауруханалары жаңадан салынды. Бүгінгі күні Шиелі, Жалағаш аудандық орталық ауруханасы салынып жатыр. 2016 жылы Байқоңыр қаласында облыстық медицина орталығының филиалы ашылды. Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының және Байқоңыр қаласының тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында тері коронарлық араласу орталығы  іске қосылуға дайын.



null
Биыл облыс тұрғындарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қаржыландыру 2 есеге артты, 8 сирек нозология бойынша 80 пациентті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қаражат қарастырылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қызылордалықтардың өмір сүру ұзақтығы 1,6 жылға артып, өлім-жітім көрсеткіші 5,8 пайызға төмендеді. Сырбойылық  дәрігерлер Ресейде, Кореяда және Еуропа елдерінде біліктілікті арттыру курсынан өтуде.

Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында өңірдің үздік 5 дәрігеріне тұрғын үй алуға 500 мың және 1 млн теңгелік сертификаттар табыстады.

Облыстың үздік дәрігерлері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

 

 

Жоғары қарай