Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 9 адамның барлығы Шиелі ауданынан

2020 жылдың 8 сәуір 2020 23:09

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған соңғы 9 адамның барлығы Шиелі ауданында тұрады. Бұл жөнінде облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Facebook парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Науқастардың 3-уі ер адам болса, 6-уы әйел адам. Олардың арасында ең кішісі 2012 жылы туған қыз. Ал жасы ең үлкені 1944 жылғы ер адам.

«Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Олар медициналық бақылауға алынп жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», - деп мәлім етті ведомстводан.

8 сәуір сағат 22:35-тегі жағдай бойынша аймақта коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 85 адамды құрады.

Олардың 9-ы Қызылорда қаласында, 16-ы Жаңақорған ауданында тіркелсе, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 47, Сырдарияда - 7, Аралда - 2 жағдай анықталды
Жоғары қарай