Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қызылорда облысында 33 адамды кене шаққан

2019 жылдың 5 сәуір 2019 22:55

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін 33 адамды кене шаққан. Өткен жылмен салыстырғанда ол 2 есега артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары 6 мыңнан астам кенеге зертханалық тексеру жасаған. Зерттеу негізінде серопозитивті кенелер анықталған.

«Былтыр дәл осы уақытта 14 адамды кене шағу жағдайы тіркелген. Ол биыл 33 адамға жетті. Яғни, көрсеткіш 2,3 есеге жуық артты. Бұл көрсеткіш облыс бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екендігін көрсетеді. Жергілікті тұрғындар сақтықты ұмытпауы керек. Биыл 30 наурызда Конго-Қырым геморрагиялық қанды безгегі ауруы күдігімен Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында бір жағдай тіркелген еді. Науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл бағытта тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен аталмыш диагноз расталмады», - деді облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Соңғы жылдарда кенеге байланысты қолайсыз елді мекендер саны артып кеткен. Биыл олардың саны 123 елді мекен болды. Бұрын мұндай ауылдар облыстың оңтүстігіндегі Жаңақорған, Шиелі аудандарында көрініс берсе, қазір ол барлық ауданда байқалады.

Бүгінгі күндері Жаңақорған, Шиелі аудандарында кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру шаралары қолға алына бастады. Бұл бағытта өз деңгейінде жұмыстар жасалады деп жоспарланып отыр.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қызылорда облысы,
Жоғары қарай