Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Қызылорда маңында жүк көлігі өртенді

2019 жылдың 22 қараша 2019 20:00

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолдың Қызылорда қаласына жақын тұсында «Mercedes» жүк көлігінің кабинасы жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жалынды жеті минут ішінде сөндіріп үлгерді. Өрт салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ. Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын жүк көлігінің иесі ешқандай дәрігерлік көмекке жүгінбеген.

«Өрт сөндірушілер барған уақытта жүк көлігінің кабинасы мен үш дөңгелегі жанып жатқанын көрген. Алдын ала жасалған болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін. Оқиға орнында арнайы зертхана жұмыс жасады. Келген шығын мөлшері анықталуда. Биыл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолдың Қызылорда облысы аумағында 19 өрт оқиғасы тіркелген», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев.

Бұған дейінҚызылордада газ баллонының жарылып,тұрғын үйде өрт шыққанын хабарлааған болатынбыз.

Жоғары қарай