Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Қытайлық студенттер қазақша мультфильм түсірді

2017 жылдың 14 тамыз 2017 15:46

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық студенттер «Аққұс» атты қазақша мультфильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




null
«Аққұс» мультфильмін Қытай коммуникация университетінің (Communication University of China) түлектері дипломдық жұмыстарына түсірген. Фильмнің сценарийін Го Зыхао есімді қытай студенті жазып, оны төрт курстасымен бірге түсірген. Ал мультипликациялық фильмді қазақ тіліне аудару және кейіпкерлерді дыбыстау мәселесінде студенттер Шыңжаңның қазақтар мекендеп отырған Алтай қаласы телеканалының көмегіне жүгінген.



null

Го Зыхаоның айтуынша, ұлты қытай болғанына қарамастан, Бейжің қаласына келген осы уақытта туған жері Алтайдың терең тарихы мен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі өзінің өміріне ұшан-теңіз өзгеріс алып келген. Ол Аққұс арқылы қазіргі кездегі Қытайдағы қазақ жастарының жан-дүниесін көрсетуге тырысқан.



null


null

Мультфильм 14 минутқа созылады. Онда Аққұс атты қалада өсіп, тағдырдың жазуымен кішкентайынан анасы мен әкесінің аялы алақанын бірдей сезінбеген қазақ қызының анасы дүниеден озғаннан кейін, жайлауға келіп, бала кезінен бірге тұрмаған әкесімен қарым-қатынас орнатуы баяндалады. Жайлаудағы өмір мен ондағы кейіпкерлер арқылы қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіледі.

«Аққұс» Tencent видео порталына 20 маусым күні жүктеліп, ол осы уақытқа дейін 2 миллионнан астам рет қаралды.

Жоғары қарай