Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Қытайдан елге заңсыз кіргізбек болған ірі көлемдегі ұялы телефон тәркіленді

2019 жылдың 18 маусым 2019 04:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Декларацияланбаған ірі көлемдегі ұялы телефондарды Қорғас кедендік бекеті арқылы Қазақстанға өткізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 15 маусымында кезекті кедендік тексеру барысында Алматы облысы бойынша МКД «Алтынкөл» кеден бекетінің Қорғас «ШЫХО» БӨП қызметкерлері мен ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп Қытай Халық Республикасынан декларация жасамай Қазақстанға кіргізбек болған ірі көлемдегі ұялы телефондар тәркіленді», - делінген хабарламада.

Комитеттің хабарлауынша, тексеру барысында кеден тәртібін бұзған Қазақстан азаматының қол жүгінің ішінен 246 дана, жалпы салмағы 19 келі «Samsung» SCH-U365 маркалы ұялы телефондар шыққан.

«Тәркіленген ұялы телефондарың кедендік құны 3 420 445 теңгені құрайды. Барлық тауар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Бүгінгі күні кінәлі тұлғаларды ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда», - деп мәлімдейді аталған мекеменің баспасөз қызметі.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: ҚР Қаржы министрлігі,
Жоғары қарай