Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Қытайдағы Қазақстан дипломаттарының отбасылары эвакуацияланды - министр

2020 жылдың 19 ақпан 2020 11:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қытай аумағында қалған Қазақстан азаматтары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ертең Уханьнан екі азамат елге оралады. Украинаның ұшағы бар, олар өздерінің азаматтарын алып кетуге барғанда , біздің екі азаматымызды да қоса ала келеді. Осы орайда Алматыда техникалық аялдап, біздің азаматтарды түсіріп, ары қарай Киевке ұшады», - деді М. Тілеуберді Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр ҚХР аумағында қызмет етіп жүрген Қазақстан дипломаттары туралы айтып берді.

«Олардың отбасыларын эвакуацияладық. Онда тек отағасымен бірге қалуға ниет білдірген отбасылар ғана қалды. Атап айтқанда, дипломаттар, барлық мекемелер штаттық режімде жұмыс істеуде», - деп нақтылады ведомство басшысы.


Жоғары қарай