Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Қытайда тайфун құрбандарының саны 49 адамға жетті

2019 жылдың 13 тамыз 2019 18:02

БЕЙЖІҢ. Синьхуа - ҚазАқпарат – Қытай шығысындағы Чжэцзян, Шаньдун және Аньхой провинцияларына төнген «Лекима» тайфуны 49 адамның өмірін қиды. Тағы 21 адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

«Лекима» тайфуны құрлыққа алапат дауыл мен нөсер ала келген.

Дүйсенбі таңындағы мәлімет бойынша қаза тапқандар саны 39-ға жетіп, 9 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Биыл Қытайға келген тоғызыншы тайфуннан Чжэцзян провинциясының 6,68 млн тұрғыны зардап шекті. Соның 1,26 миллионы эвакуацияланған. 234 мың гектар егінге зақым келді. Келтірілген залал көлемі 24,22 млрд юаньның (шамамен 3,4 млрд доллар) айналасында.

«Лекима» Қытайдың шығыс жағалауына сенбі күні таңғы 1:45-те жеткен. Шаньдун провинциясының Циндао жағалауына жексенбі күні 8:50-де жетті. Мұнда апат салдарынан 5 адам қаза тауып, 7 адам хабар-ошарсыз кеткен, 1,66 млн адам зардап шекті, провинцияның 183,8 мың тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген.

Шаньдунда толассыз жауған нөсер мен дауыл салдарынан 175,4 мың гектар егістік алқабына зақым келіп, 609 үй қираған. Билік 1,48 млрд юань экономикалық залал келді деп есептеп отыр. Провинцияның Вэйфан қаласында орташа жауын-шашын мөлшері 217,5 мм-ге жеткен.

Аньхойда 4 адам қаза тапты. 130 мыңнан астам зардап шегіп, 20 мыңы эвакуацияланған.

Мұнда дүйсенбідегі мәлімет бойынша, 364 үй толықтай қирап, тағы 439-ына айтарлықтай зақым келген. 6 мың гектар егістік алқабы тып-типыл болды.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай