Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 66,4 мыңды құрады

2020 жылдың 15 ақпан 2020 13:05

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Синьхуа – ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша комитеті сенбі күні елдің 31 әкімшілік провинциялық аймағынан және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусынан коронавирус жұқтырудың жаңадан 2641 жағдайы тіркелгені және тағы 143 адамның көз жұмғаны туралы мәлімет алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

14 ақпан күнінің соңындағы мәліметтер бойынша, 31 әкімшілік провинциялық аймақ пен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында коронавирустың жаңа түріне шалдығудың расталған жағдайлары барлығы 66 492 адамды құрады. Індеттен осы күнге дейін 1523 адам қаза тапты.

«11 053 науқастың жағдайы ауыр, вирусты жұқтырды деген күдікпен 8969 адам тексеріліп жатыр. Жұманың соңындағы мәлімет бойынша, 8096 адам ауруынан айығып, ауруханадан шығарылды. Науқастармен байланыста болған 513 183 адам дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, 30 081-інен медициналық бақылау алынды», - делінген мәліметте.



Фото: EPA-EFE/YUAN ZHENG


Басты сөздер: Коронавирус, Оқиға, Қытай,
Жоғары қарай