Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Қытайда әлемдегі ең үлкен барабан жасалды

2017 жылдың 22 қараша 2017 19:40 1208

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Гуаңши өлкесіндегі «Уижы» барабан құю зауытында «Әлемдегі ең үлкен жез барабан» жасалды.

Бұл туралы Тянь-Шань порталы  жазады.

Барабанның диаметрі - 6.68 метр, биіктігі - 2.86 метр, салмағы - 50 тонна. Ол әлемдегі ең үлкен барабан саналады. Барабанды жасауға 30-дан астам жұмысшы 7 айдан артық уақыт жұмсаған. 


null 

Жез барабан - Қытайдың ерте заманғы оңтүстігіндегі аз ұлттарда, сондай-ақ шығыс-оңтүстік Азиядағы байырғы халықтарға тән мәдени мұра. Олар жез барабанды жақсылық әкелетін қасиетті музыка аспабы деп санайды.


null 

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай