Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қытай Байлу тайфуны салдарынан қауіп-қатердің сары деңгейін жариялады

2019 жылдың 24 тамыз 2019 15:03

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың ұлттық обсерваториясы келе жатқан Байлу тайфуны салдарынан қауіп-қатердің сары деңгейін жариялады.

Осыған байланысты Қытайдың оңтүстігінде дауыл соғып, толассыз жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы 11-ші тайфун Тайваньның оңтүстік-шығысына сенбі күні келуі немесе айналып өтуі ықтимал. Әрі қарай сенбі күні түнде немесе жексенбі таңертең Фуцзянь мен Гуандун провинцияларының жағалау маңындағы аудандарына жылжиды, деп хабарлайды Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығы.

Орталық қатты жел мен жауынға байланысты Тайвань, Фуцзянь, Чжэцзян, Гуандун, Шаньси, Сычуань және Юньнань провинцияларында ескерту жариялады.

Кейбір аудандарда сағатына 60 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, Қытайдың ұлттық метеорологиялық орталығы тұрғындардан белсенді демалыстан бас тартып, жергілікті билікті жаңбыр салдарынан болуы мүмкін су тасқынына қарсы сақтық шараларын қолдануға шақырып жатыр. Қытайда күрделі ауа райы жағдайы туралы халыққа ескерту үшін төрт деңгейлі көрсеткіш қолданылады: қызыл, сарғылт, сары және көк.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай