Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қырғызстанға тәулігіне 50 тоннадан астам бензин кедергісіз өтіп жатыр

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 16:03

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Қырғыз Республикасына Мемлекеттік кірістер комитетінің шектеуінен тыс тәулігіне 50 тоннадан аса жанар-жағармай кедергісіз өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев арнайы мониторингтік топ мүшелерімен шекарадан өту бекеттерінде жүргізген қоғамдық мониторинг қорытындысын жеткізді.

«Шекара қызметінің мәліметіне сәйкес, өткізу бекеттерінен өтетін нақты адам мен көлік құралдарының саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. Мысалы, «Қордай» бекеті 1500 көлікті, 15 000 адамды өткізуге тиіс болса, нақты 2300 көлік құралы мен 22100 адам өтіп жатыр»,-деді департамент басшысы.

Сондай-ақ, қоғамдық мониторинг шекарадан өтетін адамдар мен көлік санының артуына не себеп болғанын анықтаған. Атап айтқанда, шекарадағы өткізу пунктілері арқылы Қырғыз Республикасына АИ-92 маркалы жанар-жағармайды жаяу немесе жеңіл автокөліктермен автокөлік багына және қосымша канистраларға құйып, бір күнде 7-8 рет алып өту фактілері анықталыпты. Бұл жағдай Қырғыз Республикасының аумағында АИ-92 маркалы бензиннің бізден шамамен 72 теңгеге қымбат болуына байланысты қалыптасқан.





«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің шектеуіне қарамастан жалпы бір тәуліктің ішінде Қырғыз Республикасының аумағына автокөлікпен шамамен - 50 тонна, ал жаяу жүре отырып 5 тонна 250 литр жанар-жағармай өтіп жатыр. Мониторинг қорытындысы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды»,-деді Равиль Төлебаев.


Жоғары қарай