Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Қырғызстанда көкөністің арасына жасырылған героиннің ірі партиясы табылды

2019 жылдың 12 тамыз 2019 10:58

БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат - Қырғызстанда көкөністің арасына жасырылған героиннің ірі партиясы табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Баткен облыстың ішкі істер басқармасының мәлімдеуінше, Қадамжайда трансұлттық есірткі арнасы анықталған.

Милицияның дерегінше, Үшқорған ауылында қаскүнемдер көкөніс жәшіктерінің арасына жасырып, Ресейге, одан әрі Еуропаға ірі героин партиясын өткізбек болған.




Ақпарат милицияға келіп түскенше қылмыскерлер жүкті тиеп, жолға аттанып үлгерген. Дегенмен тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп жүк көлігін Қаракөл қаласына жете бергенде ұстаған.

Тексеріс кезінде 44 кг 300 грамм героин табылды.

Жоғары қарай