Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қырғызстан Президенті Қазақстан Сыртқы істер министрін қабылдады

2019 жылдың 21 мамыр 2019 00:05 664

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Б.Атамқұлов Қазақстан үшін Қырғызстан ең жақын көрші екенін атап өтті. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан бауырлас халықтар екенін әрдайым айтады. Біз тату көршілік пен достықта өмір сүрдік, арамызда ешқашан шекаралар болған емес», - деді ол.

Қазақстан СІМ басшысы қазақстан-қырғыз өзара іс-қимылының дамуындағы оң динамиканы атап өтті. Бұған жылы әрі достық қарым-қатынас қалыптасқан  Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен жемісті жұмыс септігін тигізуде. Ал бұл бірқатар мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі СІМ арасындағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Қос ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту, қордаланған мәселелерді шешу бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Тараптар 2020 жылға қарай екіжақты сауданы 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі мемлекеттер басшылары қойған міндеттерді іске асыруда белсенді жұмыс атқаруда. Осы тұрғыда Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің тиімді жұмысы атап өтілді.

Қырғызстан Президенті С. Жээнбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары беделін ерекше атап өтті. «Сіздердің көшбасшыңыз Нұрсұлтан Әбішұлының даналығы бүкіл әлемге танымал, оны көптеген мемлекеттердің басшылары өте құрметтейді», - деді Қырғыз Президенті. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты беделді саясаткер ретінде атап өтті. С. Жээнбеков Қазақстан халқына президент сайлауын жақсы өткізуді тіледі.

Бұдан бөлек ол Қазақстан Қырғызстанның сыртқы саясатындағы негізгі әріптестерінің бірі болып табылатынын, қырғыз тарапы барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Қазақстан мен Қырғызстанға экономикалық өңірлік кооперацияны дамыту және екіжақты сауда айналымын ұлғайту бойынша жаңа жолдарды қарастыру қажет.

Кездесу барысында халықаралық құрылымдар мен қауымдастықтардың, атап айтқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстан Қырғызстанның ШЫҰ-ға табысты төрағалық етуіне жоғары баға берді, оның шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілуде.

 

 

Жоғары қарай