Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 375.90
EUR 426.65
RUB 5.82
CNY 55.99

Қырғыз шекарасындағы қазақстандықтың өлімі: Жедел штаб құрылды

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 20:40 826

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан шекарасында көз жұмған болған Қазақстан азаматының денесі туыстарына берілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің консул Талас облысында оқиға болған жерде болып қайтты. Жергілікті билік өкілдерімен кездесу барысында оқиғаға қатысты объективті тергеу жүргізу қажеттігіне назар аударды. Қырғыз тарапы құқық қорғау органдары бұл істе жан-жақты көмек көрсететініне сендірді. Консулдың көмегімен мерт болған Қазақстан азаматының мәйіті туыстарына берілді», - дейді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау, шекара қызметі және жергілікті билік органдарының өкілдерінен жедел штаб құрылып, өз жұмысын бастады.

«Біздің Бішкектегі елшілігіміз бұл істі ерекше бақылауға алып, қырғыз тарапымен үнемі байланыста. Сонымен қатар, бүгін бұл мәселе жөнінде Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Бейбіт Атамқұлов пен Чингиз Айдарбеков телефон арқылы сөйлесті», - деді А. Смадияров.

Еске салсақ, кеше қазақ-қырғыз шекарасында атыс болып, оқиға орнында отандасымыз мерт болды.

Көп ұзамай еліміздің сыртқы министрлігі орын алған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

 

 

Автор: Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Қырғызстан, ҚР СІМ,
Жоғары қарай