Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қымбат тонды декларациялау қажет пе

2019 жылдың 13 тамыз 2019 17:36 144

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жалпыхалықтық табыс декларациясына қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін де айтылғандай, азаматтардың табысын декларациялау кезең-кезеңмен жүзеге асатын болады. Бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары жаңа форматта декларация тапсыра бастайды. Бұл 2021 жылы басталады. Осылайша, кезең-кезеңмен бүкіл салық төлеушіні қамтитын болады», - деген комитет басшысы қымбат заттар мен мүліктерді декларациялау тәртібіне тоқталды.

«Егер иелігіңізде қымбат тон болса, оның сатуды жоспарласаңыз, міндетті түрде декларация тапсыруыңыз керек. Ал егер оны сатып, пайда табуды ойламасаңыз, яғни өзіңіз киетін болсаңыз, декларацияда көрсетудің қажеті жоқ. Бұл талап қымбат тоннан бөлек бағалы зергерлік бұйымдар мен мал-мүлікке де қатысты. Әзірге декларациялауға жататын заттардың шектік құны белгісіз. Бұл мәселені сарапшылармен ақылдасып жатырмыз», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Жоғары қарай