Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Кувейт әуежайында бомба салынған сөмке табылды

2019 жылдың 14 сәуір 2019 11:48 855

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кувейт әуежайының жүк терминалында күдікті сәлемдеменің ішінен жарылғыш құрылғы  табылды. Бұл туралы Al-Jarida газеті дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Қауіпсіздік қызметкерлері жарылғыш затты тексеру кезінде анықтады. Олар сөмкеге салынған кітап ішінен аккумуляторлар мен жарылғыш заттарды тапқан.

Arab Times атап өткендей, сәлемдемені АҚШ-тағы әскери мекемелердің біріміне жеткізу керек болған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, құқық қорғаушылар жарылғыш затты кімнің жібермек болғанын анықтауда.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай